9 мамыр "Жеңіс күні" » ГККП "Ясли-сад №120". Алатауский район
Алматы қаласы білім басқармасының
"№120 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 223-71-28
Телефон методиста:
+7(727) 244-79-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9 мамыр "Жеңіс күні"
06
май
2016

9 мамыр "Жеңіс күні"

Балаларға залға «Жеңіс күні» музыкасымен залға кіреді.

 

Абдрахман:

Ойлап-ойлап тұрдым көп

Сұрақ қойдым білгім кеп.

Қуанышты мереке

Жеңіс күні қай күн деп.

 

Батыржан:

Апамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Атамнан да сұрадым.

 

Айша:

Тосты бәрі құлағын,

Дұрыс! – деді сұрағың.

Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні шырағым.

 

Ортаға шығып Ч.Алуа:

- Балалар, сендер білесіңдер ме осы Алматы қаласында Төле би көшесімен жүріп, Абылай хан даңғылына шығып, мойныңды оң жағыңа бұрсаң, Шығыстың қос жұлдызы, Кеңес Одағының батырлары Әлия мен Мәншүк апаларымыздың ескерткіші бар. Мәншүк апамыз соғыста пулеметші болған екен. Ал Әлия апамыз туралы кім біледі екен?

Нұрислам:

Әлия апамыз майданға Отанды қорғау үшін барған.

Батырхан:Мылтықты сүйіп тұрып, жаудың көзін жоюға уәде еткен.

Айару:

Әлия апамыз шыншыл, өжет, ойшыл қыз болған.

Адия:

Әлия апамызды анасы – «Ақмоншағым» деп еркелеткен.

Иә, ақыры жап-жас Әлия апамыз қажымай, талмай майданда шайқасып, жауды жеңген.

(музыка әуенімен көркем сөз оқылады)

Алтынай:

Тверьдің орманы жас, жері кәрі,

Ата қоныс санайды жұрттың бәрі.

Сол жерге Әлияның қаны сіңген,

Соғып тұр мерген қыздң жүрегі әлі.

Шаттансаң қыз тудым деп, қазақ шаттан.

Әлия Отанына болған мақтан.

 

 

Ақерке:

Казачиха маңында тұлғасы тұр

Дегендей ерлікке аттан, Жеңіс аттан.

Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,

Қазақтың Әлия қызы қаза тапқан.

 

Медет:

Айтып болды дүние талай әнді

Аспан жүзін таң алды, арай алды

Жетсек деген арманға жетті-дағы,

Жеңіс деген бір сөзбен ел оянды.

Бақ іздеп алға қарай жүгірсең де

Кітаптың беттеріне үңілсең де,

Бұл мектеп «Жеңіс» деген ұлы мектеп

Құрметте осы күнді ұлан сен де.

Ұландар әнін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші:

1941 жылы 22 маусым күні соғыс басталды. Фашистік Германия қарақшылықпен соғыс одағының шкарасын бұзып, басып кірді. Ұлы Отан соғысы басталды. Неміс басқыншыларымен еліміз аянбай шайқасты.

Сол кезде біздік туған жерімізді, елімізді, Отанымызды жаудан қорғаған Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов, Төлеген Тоқтаров Рақымжан Қошқаров т.б. батыр аталармен Қазақтың өрімдей қыздары ерлікпен жаумен алысып қаза тапты. Әлия мен Мәншүк апаларымызды «біз ешқашан ұмытпай есте сайқтаймыз».

Батырларымыздың рухына тағзым етіп 1 минуттық үнсіздік.

Дарын:

Жаумен жалғыз алысты,

Түбінде Мәншүк Некельдің

Бермеді қолдан намысты,

Жүректі қызы ер елдің.

 

Еркемай:

Жыр етіп айтып атын біз,

Шынары деймі жерінің,

Иәңгі есте қалды батыр қыз,

Мақтаны болып елімнің.

 

Қ.Алуа:

Жермен көктің арасын

Шарпығанда қалың өрт.

Әлия орыс қаласын,

Азат етіп болды мерт.

 

 

Інжу:

Ол жеңісті көрген жоқ,

Келді кейін азат күн.

Бірақ мәңгі өлген жоқ,

Батыр қызы қазақтың.

 

Жанель:

Әлияны бұл күнде,

Барлық бала біледі.

Әлия аты көңілде,

Әпкеміз де жүреді.

Би: Ку-ка-ре-ла

 

Жүргізуші: Қазақстандықтардың құралған генерал Панфилов атындағы 28-гвардияшы атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлігі Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріппен жазылды. Алматы қаласында ескерткіш қойылды.

 

Алихан:

Панфилов Қазақстаннан,

Қырандар тобын жасақтап

Сонау бір қиын тұстарды,

Жиырма сегіз жігітке,

Өлмейтін ерлік жасатқан.

 

Аян:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап.

Жиырма сегіз батырды,

Жңе алмады жау бірақ.

 

Қайрат:

Жау алдында тұрды олар,

Жиырма сегіз шың болып.

Жау жеңілді ақыры

Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз батырды

Ұмытпайды ел мәңгілік.

 

Жүргізуші:

Ұлдардың әні: «Ел қорғауға дайынбыз»

 

 

 

Жантас:

Бауыржан Момышұлы атамыз өзінің елі үшін соғыста көптеген ерліктер көрсетті. Бұл кісі қазақ елін ерекше жақсы көрген, халқын ұлтын құрметтеген жазушы болған. «Майдандағы кездесулер», «Біздің отбасы» деген кітаптар жазған. Сондықтан Бауыржан Момышұлына «халық қаһарманы» деген атты халық өзі берген.

 

Олжас:

Бауыржан батыр қол бастап

Москваның түбінен.

Ерліктер жасап олда асқақ.

Волокалам жолында,

Жаумен талай арбасқан.

Ән: «Момышұлы Бауыржан»

 

Әділ:

Сен неткен Отан – анам ғажап едім,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер ҰлыОтаным – қазақ елім.

 

Нұрдаулет:

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді әке боп,

Елдігі бар балаға.

 

Би: «Калинка»

 

Хамит Алуа:

Балалар Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мерей тойында бәріміз ата-аналарымызбен бірге Мәншүк пен Әлия апамыздың ескерткішіне тағзым етейік.

Бәрі: Дұрыс айтасың, өте дұрыс айтасың.

Би: Әскери вальс

 

Ән: «Жеңіс күні тойлаймыз» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ет жүрегі «Отан» соққан ағайын! Баршаңызды Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға тыныштық, дендеріңізге саулық, Қазақстан атты Отанымызға мәңгі тыныштық болсын! Жер бетінде тек бейбітшілік болсын!

 

 

 

Похожие публикации:

06 май 2016 1 мая