29
август
2024
"Кеңес беру пунктінің 2024-2025 оқу жылындағы жұмыс туралы" бұйрық
КМҚК "№120 бөбекжай-балабақшасы" базасында мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына әдістемелік, педагогикалық, консультациялық көмек көрсету жөніндегі консультациялық пункт жұмыс жасайды.
Мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты – мектепке дейінгі білімге қол жеткізу, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарының педагогикалық құзыреттілігін арттыру.
Міндеттері:
- ата-аналарға консультациялық қолдау көрсету және баланы тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелерінде олардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру;
- белгілі бір себептермен балабақшаға бара алмайтын балаларды әлеуметтендіруге көмектесу.
Пункт қызметі шеңберінде балаға көрсетілетін білікті көмектің түрлері туралы ата-аналарға қажетті ақпарат беру арқылы балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарына көмек көрсету.