Ата-ананың эмоционалды күйзелу синдромы. Психолог кеңесі
Күйзелу мәселесі табиғи процесс. Балаға күн сайын қамқорлық жасау қиын, өз мүддесі мен демалысына уақыт қалмайды. Шаршауға күнде қайталанатын істер, жоғары жауапкершілікке байланысты стресс қосылады. Психиканың қорғаныс механизмі іске қосылады, эмоционалды шаршау басталады, нәтижесінде ата-ана өзін рухы түскен және дымы құрығандай сезінуі мүмкін.
Эмоционалды күйзелу синдромы деген не?
«Күйзелу синдромы» (грек. syndrome – «үйлестік» және ағылш. burnout – «жанудың тоқтауы») терминін америка психиатры Герберт Фрейденберг 1974 ж. ұсынды.
Н.Е. Водопьянова күйзелу синдромын эмоционалды, когнитивті және физикалық энергияның біртіндеп жоғалуы ретінде қарастырады, ол эмоционалды, психикалық сарқылу, физикалық шаршау, жеке басының бөлінуі және жұмыстың орындалуына қанағаттанудың төмендеуі белгілерінде көрінеді. Л. А. Базалева пікірі бойынша эмоционалды күйзелу – физикалық және эмоционалдық сарқылу күйінің динамикалық симптомдық кешені, оны дамытудың әр сәтінде шиеленіс, қарсылық немесе эмоциялардың сарқылуы деп анықтауға болады.
Тек әйелдер ғана эмоционалды күйзеледі деген қате пікір. Ол әкелерде, ата-әжелерде де көрінеді, бірақ бұл аналарда жиі кездеседі. Ана болу көбінесе ананың бала тәрбиесіне шамадан тыс араласуына байланысты психологиялық кеңістіктің шектелуімен, оқшаулануымен байланысты. Әйелдің жаңа міндеттері мен жауапкершілігі, эмоционалды жүктемесі бар. Осыған байланысты әйел ашушаңдықты, шаршауды және немқұрайлылықты, кейде балаға және басқа отбасы мүшелеріне агрессия мен ызалануды сезінуі мүмкін.
Ата - аналардың эмоционалды күйзелу дәрежесі.
Ескерту кезеңі. Ата-ананың барлық күші мен эмоциясы баланың айналасында шоғырланады. Олар ата-ана болудан үлкен қуаныш алады, бірақ олар осыған өздерінің жеке мүддесін құрбан етеді ме, соны білу маңызды. Жалпы сарқылу белгілеріне назар аударыңыз: үнемі шаршау сезімі, ұйқының бұзылуы – бұл эмоционалды күйзелудің алғашқы белгісі.
Белсенділіктің төмендеуі. Баланың өміріне үнемі қатысу және белсенді болу қиын. Эмоционалды және физикалық ресурс біртіндеп таусылып, астенияның, шаршаудың алғашқы белгілері пайда болады. Осыған байланысты ата-ана баламен аз қарым-қатынас жасай бастайды, шынайы қызығушылық пен қатысу азаяды. Бұл жағдайда ата-аналар баладан – өзін тыңдауды, тыныштық және т. б. көбірек талап етеді.
Эмоционалды реакция. Ата-ана баламен аз байланыста болады, жауап ретінде бала назар аударуды қажет етеді. Ересек адам ашуланады, бірақ өзін кінәлі сезінеді. Үмітсіздік сезімі пайда болады.
Деструктивті мінез-құлық. Шаршау мен жағымсыз эмоция төзгісіз болады, психика олардан қорғана бастайды. Баламен қарым-қатынас немқұрайлы, автоматты болады.
Психосоматикалық реакция. Созылмалы эмоцияны басу және тұрақты стресс психосоматикалық ауруларға әкеледі. Ата-анаңыздан олардың физикалық жағдайы туралы сұраңыз.
Көңілсіздік және бос сезім. Эмоционалды күйзелудің маңызды кезеңі ата-ана немқұрайлы болып, тіпті жақында өмір қызығы болған нәрсеге немқұрайлы қараған кезде пайда болады. Бұл жағдай жедел кәсіби көмекті қажет етеді.
Эмоционалды күйзелуге ұшыраған ата-анаға кеңестер.
Шаршаған ата-аналар өздеріне көбірек көңіл бөлуі, өз қажеттілігін ескеруі керек. Олардан ширығу, үмітсіздік, ашуланшақтық немесе зерігу мен сағыныш сезінген сәттерде олардың тілектерін қадағалап отыруы керек, ал бала шұғыл назар аударуды өтінеді және бұл төтенше жағдай туралы емес. Қажеттілік пен қалау жағдайдың талаптарына сәйкес келмесе де, өзіңізді таңдау дұрыс. Ата-аналар алдымен өздеріне қамқорлық жасау керек, содан кейін тыныштық күйінде баламен айналысу керек.
Ата-ана эмоциясын білдіруі қажет, өйткені шаршау мен күйзелу себебі – жағымсыз эмоцияларды тежеу әдеті. Егер ересек адам ашуланса, үмітсіздік, кінә сезінсе, балаға көрсетсе, оған осы эмоцияларды білдіру үшін қауіпсіз нәрсені табу қажет. Өз сезімдерімен жақындарымен бөлісуге және сүйікті ісімен айналысыңыз. Бұл спорт, бассейнге бару, медитация, релаксация жаттығулары, арт-терапия, психологпен жұмыс болуы мүмкін.