Балабақшамен қоштасу » Страница 5 » ГККП "Ясли-сад №120". Алатауский район
Алматы қаласы білім басқармасының
"№120 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 223-71-28
Телефон методиста:
+7(727) 244-79-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балабақшамен қоштасу
07
июнь
2016

Балабақшамен қоштасу

Жолың болсын балдырған!

Балабақшамен қоштасу

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, балалар! Бүгін міне, салтанатты мерекеге жиналып отырмыз. Бүгін бір жарым жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндеріміз ұямыздан ұшырып, мектепке қадам басқалы отыр.

Қадамдарың құтты болсын!

 

Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер,

                  Алты жасқа жеттіңдер,

                   Барасыңдар мектепке

                  Бір белестен өттіңдер.

                  Өсті міне бойларың,

                  Өсті ақыл, ойларың,

                  Қуанышқа ортақпын

                  Құтты болсын тойларың! – дей отырып алғашқы қадам басқалы тұрған түлектерімізді қарсы алайық.

 

Жүргізуші: Келесі кезекті ұл-қыздарымыздың жыр-шумақтарына тыңдайық.

 

Бейсенбай Бексұлтан:

Тәрбие берген ұямыз,

Өзіңді қалай қиямыз.

Қоштасып бала бақшамен

Мектепке кетіп барамыз.

 

Бекарыс:

Қош бол балалар бақшасы,

Естен кетпес есімің,

Қош балалар бақшасы

Алғаш ашқан есігім!

 

Ақназар:

Жеті жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-ананы

Мектепке кетіп барамыз.

 

Раушан:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып бала бақшамен,

Біріншіге барамыз.

Адия:

Қызық күндер өткіздік,

Бала бақша бағында.

Өздеріңді қимаймыз,

Қоштасатын күн бүгін.

 

Жүргізуші: Балалардың әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Біз мектепке барамыз» + отыру.

Жүргізуші:

Қоштасу кешінің ақ пердесін ашайық,

Тәрбиелеп тәлім берген апайларға.

Шын жүректен жырдан шашу шашайық демекші балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

 

Медет:

Қуантып әрі қинайды,

Бақшадан алыс кеткенің.

Қажет қой бірақ білімнің,

Теңізінен өткенің.

 

Асылай:

Қош балалар, сәт сапар,

Бақытты бәрің болыңдар.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік алыңдар.

 

Алдияр:

Өздеріңді ұмытпай,

Есімізге аламыз.

Ұмытпас деп ұясын,

Әсем әнге саламыз.

 

Рауан:

Бақшадағы күндерді

Есімізге сақтаймыз.

Тәрбиеші еңбегін

Бәріміз де ақтаймыз.

 

Айқын:

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер білім үйреткен,

Өзіңізді қимаймыз.

 

 

Жүргізуші:

Сезімде туған баламыз,

Оянды ақыл-санамыз.

Адамдықтың бастауын

Өзіңнен алып барамыз деп ортаға ұл-қыздарымыздың «Қайырлы таң» биін көріп-тамашалаңыздар.

Би: «Қайырлы таң»

 

Жүргізуші:

Ән айтуға талпынады балапан,

Келдік естіп үнің оның даладан.

Бәрімізде бас қосып ән тыңдайық,

Кел ортаға әнші, жыршы балапан.

 

Жеке ән: Әмір Жалелұлының: «Ел ертеңі» атты өлеңін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші:

Мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.

Балалардың жыр-шумақтарын тыңдайық.

 

Ернұр:

Ақ тілекті ағытып біз тастайық,

Қоштасатын әнімізді біз бастайық.

Әдеппенен өнегені үйреткен,

Бақшамызды есімізде сақтайық.

Айбол:

Бақшадағы күндерді,

Есімізде сақтаймыз.

Тәрбиеші еңбегін,

Бәріміз де ақтаймыз.

Олжас:

Ана тілін ардақтап,

Ана салтын біз көрдік.

Сурет салып, ән жаттап,

Оқып жазып үйрендік.

Ердаулет:

Үлкендердей тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

Қуаныш:

Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше.

Бақшамызбен қоштасатын,

Бүгінгі той ерекше.

Берікбол Бексұлтан:

Баулап баптап өсірдің,

Қателік етсек кешірдің.

Ұмытпаймыз өзіңізді,

Тәрбиеші апайлар.

 

Би: «Ретро» стиль биі

 

Би біте бере улап-шулап. Төбелесіп Дымбілмес пен Жалқаубек кіреді.

Жалқаубек:

Оқымап ем бір алдым

Кейіп қалды мұғалім.

Әкеп едім екілік,

Мамам шықты зекіріп.

Үш алғанда байқадым,

Папам басын шайқады.

Бес деп едім, бүгін кеп,

Қарады бәрі күлімдеп.

Дымбілмес:

Қане, бесің, Күнделігіңді көрсетші, көрсетеді.

Жалқаубек:

Міне, бес алдым.

Дымбілмес:

Мынауың үш, ал мынауың екілік. Неге өтірік айтасың бес алдым деп, өтірікші.

Жалқаубек: Ой, өзің есептен түк жоқ екенсің ғой, екіні үшке қосса бес емей не енді.

Жүргізуші: Балалар, осы екі бала мектепке барғанға ұқсай ма?

Балалар: Жоқ.

Жүргізуші:

Ендеше, қараңдар, біздің балалар әлі мектепке бармаса да оқып, есеп шығара алады.

 

Ойын: 1-10-ға дейін санау. Тура және кері санау.

Жүргізуші: Келесі кезекті әнге берейік.

Ән: «Әже жүрші мектепке»

Жүргізуші: Ата-аналармен ойын:

Ойын: ата-аналармен

Мен+би=Ыммен

Жүргізуші: Келесі кезекті қойылымға берейік. Балалар дәл қазіргі күннен бастап 20 жылдан кейінгі уақытқа сапар шегейік.

Көрініс: «20 жылдық кездесу»

Директор: Әмір:

Уақыт неткен жылдам. Көзді ашып жұмғанша 20 жылда өтіпті. Бүгін 20 жылдық кездесуіміз еді. Достарымызға телефон соғайын.

<!-- [if !supportLists] --> -         <!-- [endif] --> Ало, Біржан! Сәлеметсің бе? Қалдарың қалай? Тезірек келіңдерші, күтіп отырмынғой.

/Есік тоқылдату/

Директор: Әмір

Кіріңіз!(3 жігіт кіреді)

 

Медет: Ассаламағалейкум!

 

Ернұр: Қалайсың досым?

 

Бейсенбай Бексұлтан: Қайырлы күн достар.

(Бәрі құшақтасып, у-шу болады)

 

Директор: Төрлетіңдер. Жоғары шығыңдар. Отырып әңгімелесейік.

 

2 қыз бір-бірін алыстан көріп қалады. Бір-біріне жүгіріп құшақтасады.

 

Әдемі: Ақниет сәлем! Қалың қалай?

 

Ақниет: Сәлем. Қалайсың? Сен қайда барасың?

 

Әдемі: Кездесуге барамын.

 

Ақниет: Мен де сонда барамын. Жүр бірге барайық.

(Есікті соғады)

 

Директор: Кіріңіздер!

Бәрі орындарынан тұрып, қыздармен шулап амандасады.

 

Медет: О, қыздарымыз келді.

 

Ернұр: Қыздар, әдемі болып кетіпсіңдер!

 

Қыздар: Рахмет.

 

Директор: Медет сен қандай маман иесі болдың?

 

Медет: Мені телевизордан көрмедіңдер ме? Мен бокстан әлем чемпионымын.

Медет: Ернұр, сен кім болдың?

 

Ернұр: Мен стомотолог болдым. Тіс емдеймін.

 

Әмір: Бәсе, тістерің жалт-жұлт етеді.

 

Ернұр: Бейсенбай, сен қай маман иесі болдың?

 

Бексұлтан: Мен жол полициясында жасаймын.

 

Ернұр: Айым, сен кім болдың?

 

Әдемі: Мен дәрігер болдым. Емханада жұмыс жасаймын.

 

Әдемі: Ақниет сен кім болдың? Қайда қызмет атқарасың?

 

Ақниет: Мен балабақшада тәрбиешімін. Естеріңде ме Ардақ апай мен Гүлзия апайымыз «тыныш отырыңдар» деп ұрысушы еді ғой? Мен қазір сондай нервный болып кеттім.

 

Директор Әмір: Ия, балалармен жұмыс жасау оңай емес. Ал мен осы мектептің директоры болдым.

 

Ернұр: Достар естеріңде ме, балабақшада ойын ойнайтын едік қой.

Бала кезімізді еске алып ойын ойнайықшы. Кім жеңілсе бізді театрға шақырады.

Ойын: Орындыққа таласу.

Жеңілген бала: Ал, мен жеңілдім. Жүріңдер, кеттік театрға. Бәрі билеп, суретке түсіп, театрға кетеді. (Қыздар киінугі кетеді).

 

Жүргізуші: Балалар, біз 3-4 жыл бұрын қандай едік. Ендеше, ортаға сәбилер тобының өнерлерін тамашалайық.

Жүргізуші: Қазіргі  көріп тамашалайтындарыңыз Латын-Америка биі «Ча-ча-ча» биін қарсы алыңыздар.

Би: «Ча-Ча-Ча»

Жүргізуші:

Ақсандықты ашайық,

Бұл мереке бұл тойдың.

Беташарын жасайық.

Мынау бала қай бала,

Емес сірә жай бала,

Бала-бақша түлегі,

Шәкірттікке сай бала.

Ардақ:

Бәрін қабыл алайық,

Көңілдерін табайық.

Ыбырай баба қуансын,

Шәкірттікке алайық, - дей отырып балалардың өлең-тақпақтарын тарту етейік.

 

 

Кәусар:

Орын берген бақшадан,

Меңгеруші жақсы адам.

Сондықтан да біз үшін,

Артықсыз сіз басқадан.

 

Әдемі:

Біздің апай Мақпал

Маманы оның әдіскер.

Бұл апайға қарасаң,

Ақылына көркі сай,

Бұл апайдың ақылы

Аңқып тұрған дария.

 

Исмайл:

Балалардың жан сезімін түсінген,

Тіл табысқан үлкен менде кішімен.

Бала жанын тереңдете түсінген.

Іңкәр апай сізге де үлкен рақмет.

 

Жанар:

Дәрігермін мен дейді,

Бәрімізді емдейді.

Дәрі беріп біздерге.

Ауырмаған жөн дейді.

Құрметті дәрігер апай

Рақметіміз мол сізге.

 

Дидар:

Біздің гүл бақшада.

Бар әсем асхана.

Бар онда аспазшы,

Ақ көңіл жақсы апа

Әлде май, қаймақ па?

Борщ па, сорпа ма?

Тұрады ортада

Барлық аспазшы апайларға мың алғыс.

 

Димаш

Таза жайлы орынымыз,

Таза көңіл күйіміз.

Галия апай өзіңізге,

Бүгінгі айтар тілегіміз.

 

 

Райымбек:

Баулап баптап өсірдіңіз,

Қателік етсек кешірдіңіз.

Ұмытпаймыз өзіңізді

Ұмітпаймыз сөзіңізді,

Тәрбиеші апайларға.

Сіздерге де мың алғыс.

 

Айдана:

Күтушіміз Айжан

Анамыздай біздерге

Тек жақсылық тілейміз.

Рақмет айтып біз сізге.

 

Сабир:

Мың бұралта биімізді билеткен,

Сан алуан бидің түрін үйреткен.

Ғазиза апай сізге де алғыс айтамыз,

Мың қайтара сәби бала жүректен.

 

Мирас:

Тілімізді сындырып,

Ағылшын тілін үйреткен.

Алтынай апай өзіңізге,

Рақмет айтып барамыз.

 

 

Жүргізуші: Айналайын гүлдерім,

                    Ақ шуақты күндерім.

                    Озат болып оқыңдар,

                    Ойға білім тоқыңдар, - дей отырып, мерекелігіміздің соңында қоштасу вальсімен тербелейік.

Би: «Вальс»

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар қазіргі орындалатын ән сіздердің жүректеріңізді әлдилесін. Жеке ән Мәли Кәусар «Ұстазым» атты өлеңін қабыл алыңыздар.

Ән: «Ұстазым»

Ақ тілекті ағытып біз тастайық,

Қоштасатын әнімізді бастайық.

Әдеппенен өнегелі үйреткен

Бақшамызды есімізде сақтайық, дей отырып ұл-қыздарымыздың «Қош бол, бала-бақша» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: Қош, бол бала-бақша»

Жүргізуші: Сөз беру. Меңгеруші: Ата-ана.

Ендігі кезекті №120-бала-бақшамыздың» меңгерушісі Ляззат Нұрсыланқызына сөз берейік.

Ата-ана Кәусардың атасына сөз беру.

Похожие публикации:

06 май 2016 1 мая
Назад 1 2 3 4 5 Вперед