Баланың сөйлеу тілінің даму кезеңдері. Ата - аналарға арналған логопед кеңестері » ГККП "Ясли-сад №120". Алатауский район
Алматы қаласы білім басқармасының
"№120 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 223-71-28
Телефон методиста:
+7(727) 244-79-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Баланың сөйлеу тілінің даму кезеңдері. Ата - аналарға арналған логопед кеңестері
29
январь
2025

Баланың сөйлеу тілінің даму кезеңдері. Ата - аналарға арналған логопед кеңестері

Курсы логопедов: ОНЛАЙН, ДИСТАНЦИОННОЕ – Бишкек ᐈ Подготовка логопедов ▷ 5  объявлений ➤ lalafo.kg Баланың сөйлеу тілі дамуын екі негізгі кезеңге бөледі: сөйлеу тілі шыққанға дейінгі (баланың туылған кезінен бір жасқа дейін) және сөйлеу тілі шыққан кезең.(бір жастан кейін).
Сөйлеу тілі шыққанға дейін кезеңді дайындық кезең деп атайды.Өйткені бұл кезде сөйлеу тілін меңгеруге дайындық жүреді.Баланың туылған кезінен бастап дауыс реакциялары пайда болады.Олар айқай және жылау.Бірақ бұлар әліде адамның сөйлеу тілінің дыбыстарынан бөлек.Сонда да айқай да жылау да сөйлеу аппаратының үш бөлігінің (демалу, дауыс шығару,артикуляция бөлігі) әр түрлі қимылдарының дамуына әсер тигізеді.Екі аптадан кейін бала айналасындағы сөйлеген адамның дауысына назар аударады,жылауын қояды,өзіне сөйлегенде «тыңдайды».Бір айдың аяғында баланы әлдилеп жұбатуға болады.Сөйлеген адамға басын бұрып және оның артынан көзімен қарайтын болады.Интонацияға реакция береді: жылы және қатты сөйлегенді сезеді.Бұл кезде баланың гуілдеі әр түрлі интонациямен шығады.Ең бірінші пайда болатын дауысты дыбыстар (а,о,у,э).Содан кейін еріндік дыбыстар (б,п,м) пайда болады.Бұл физиологиялық ему процесіне байланысты.Ең соңында шығатын артқытілдік дыбыстар(к,г,х).Бұл физиологиялық жұту процесіне және тілдің түбінің көтеріңкі болуына байланысты (баланың шалқасынан жатуы).Гуілдеу баланың еркіне байланысты емес.Ол өз бетімен пайда болады (рефлекторлы).Баланың 5-6 айында былдыр пайда болады.(ба-ба-ба,ма-ма-ма,па-па-па,т.б)
Баланың сөздік қорының дамуы 2-3 жастың арасында белсенді болады.Әр түрлі авторлар баланың сөздік қорының толуы жайында әр түрлі сандық мәліметтер береді.Ең көп таралған мәліметтер мынандай:
1ж. 6 айда – 10-15 сөз;
2ж. соңында – шамамен 300 сөз
3ж.қараған шағында -1000 сөздің көлемінде.
3 жасқа қараған шағында балада сөйлеу тілінің грамматикалық жағы қалыптаса бастайды.Алғашқыда бала өзінің өтініштерін бір сөзбен білдіреді,содан кейін қарапайым фразалармен.(«Апа Мина шай іш»-Апа,Амина шай ішеді.).
Осы кезеңде балалардың ересектерді түсінуі сөйлеу қабілетіне қарағанда жоғары болады.