Баланың мектепке психологиялық дайындығы туралы кеңестер. » ГККП "Ясли-сад №120". Алатауский район
Алматы қаласы білім басқармасының
"№120 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 223-71-28
Телефон методиста:
+7(727) 244-79-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Баланың мектепке психологиялық дайындығы туралы кеңестер.
15
апрель
2025

Баланың мектепке психологиялық дайындығы туралы кеңестер.

 
Атақты балалар психологы Леонид Абрамович Венгер: «Мектепке дайын болу-бұл оқу, жазу және санауды білу дегенді ғана білдірмейді. Мектепке дайын болу-осының бәрін білуге дайын болу», – деген екен. Баланың мектепке дайындығы дегеніміз- бұл кешенді, көп жақты және бала өмірінің түгел аумағын қамтитын үрдіс. Мектепте оқуға психологиялық дайындық- оқыту үрдісі барысында сыныптасымен, мұғаліммен қарым-қатынас жасап, оқу бағдарламасын меңгеру үшін психологиялық қажетті деңгей.

Мектепке психологиялық дайындық-бұл бүкіл мектепке дейінгі өмір. Сондықтан да, мектепке баланы жүйелі түрде дайындай отырып сіз болашақ бірінші сынып оқушысына тыныш және қуанышты жаңа әлемге кіруге көмектесе аласыз. Мектепке психологиялық дайындық балаларда өздігінен емес, біртіндеп қалыптасады : ойын арқылы, еңбек арқылы, достарымен қарым-қатынас арқылы, тікелей білім беру арқылы.

Баланың мектепке психологиялық дайындығының төмендегідей ең маңызды үш сипаттамасы бар: оқуға деген ықылас; өз мінез-құлқын басқару қабілеті; өзінің интеллектуалды процестерін басқару мүмкіндігі. Баланы мектепке жақсы дайындау және мектепте оңай бейімделу факторлары: физикалық денсаулық. Дамыған интеллект. Сыныптастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасай білу. Берілген тапсырманы, жұмысты жүйелі жасау қабілеті. Санау және оқу мүмкіндігі. Ұқыптылық және тәртіптілік.

Жақсы есте сақтау және назар аудару. Бастама, ерік-жігер және өз бетінше әрекет ету қабілеті. Мектепке психологиялық дайындықтың құрылымы келесідей: физиологиялық; зияткерлік; әлеуметтік; эмоционалды. Физиологиялық дайындық -күн тәртібін қатаң сақтау, денсаулық жағдайының қалыпты дамуы тағы басқа. Зияткерлік дайындық -зейін қоюға қабілеттілік, логикалық байланыстар құра білу, есте сақтау қабілетін дамыту, ұсақ қол моторикасы, білуге, жаңалыққа құштарлық және тағы да басқа.

Мектепке зияткерлік дайындық балада белгілі бір дағдыларды қалыптастыруды да қамтиды. Мысалы, оқу тапсырмасын бөлектеу мүмкіндігі. Бұл баладан заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарының себептерін, олардың жаңа қасиеттерін таңдануды және іздеуді талап етеді. Әлеуметтік дайындық-басқа балалармен, мұғаліммен қарым – қатынас жасай алатын сапалардың болуы, мінездің жаңа сапалық деңгейге көтерілуі, әрекетке іштей талдау жасау.

Эмоционалды дайындық – оқуға ынталандыру, зейін қою қабілеті, эмоцияларды басқару, қызығушылығының қалыптасуына қарай өзінің мінез – құлқын, танымдық іс-әрекетін басқара алуы, оқуға деген құлшынысының пайда болуы және эмоциялық жай – күйінің көтеріңкі деңгейде болуы. Зейін, ес, ойлау, қиял, ұсақ қол моторикасын дамытумен қатар, баланың бойында әлеуметтік дағдыны қалыптастыру да маңызды

Мектеп – бұл ең алдымен әлеуметтену жүйесі. Және ол арнайы тәртіптік жүйеге негізделген. Сабақ-өзіндік ережелері мен заңдылықтары бар оқытуды ұйымдастыру формасының бір түрі. Тіпті ең мейірімді оқу ортасында бала «болмайды» деген сөзді білмесе, сәтті оқи алмайды. Ол басқалардың шектеулерін қабылдай білуі керек және өзін шектей білуі керек. Егер ол жақсы оқыса, бірақ аяқ киімінің бауын байлай алмайтын, портфельді дұрыс жинай алмайтын болса, ол да мектепке үйренуін қиындатады.

Мектепке дайын болу үшін баламен қандай жұмыс істеу керек? Ең алдымен, оның денсаулығына қамқорлық жасау керек. Жүзу, серуендеу, велосипед-бұл болашақ мектеп өміріне сәтті кіруге ықпал ететін іс-шаралар. Баланың ерікті қасиеттерін дамыту маңызды. Ол үшін балаға кез-келген бастаған істі аяғына дейін аяқтауды үйрету керек. Дамудың ең маңызды тәсілі (сөйлеуге, зейін аударуға, қарым – қатынасқа, есте сақтауға, қиялға және тағы басқаларға қатысты) – балаға кітап оқу. Балаларға күніне кемінде жарты сағат ертегілерді оқу (немесе айту) керек.

Пайдалы сабақтар жүргізу керек. Олар бала қиялын, өзіндік тапқырлық: сурет салу, мүсіндеу, құрастыру сияқты дағдыларын қалыптастыруға уқпал етеді. Ата-аналарға баланың дайындық деңгейін өз бетінше анықтауға көмектесетін критерийлерге тоқтала кетейін. Төмендегі әр критерийдің сұрақтарына жауап бере отырып балаңыздың мектепке қаншалықты дайын екенін анықтауыңызға болады. Танымның дамуын бағалау: Балада негізгі түсініктері бар ма: оң-сол, үлкен-кіші және тағы басқа?